Оқиға 9 желтоқсан сағат 14:45-те Петропавл қаласындағы Астана және Чайковский көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Audi 80 автокөлігінің жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтіп бара жатқан 83 жастағы жаяу жүргіншіні қағыт кеткен. Зардап шеккен әйел адам жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта мамандар зейнеткердің денсаулығын тексеруде.Audi 80 автокөлігінің 71 жастағы жүргізушісі алкоголь қолданбаған.«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар тексеріс жүргізу үшін және процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді», деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.