Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Петропавлда күндіз баяу бұрқасын күтіледі.
Жетісу облысының таулы аймақтарына тұман түседі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Күндіз тауда бұрқасын болады, таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.