Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұлттық жобаларды Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарына біріктіру бойынша жиын өткізді. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында Премьер-министрдің қолданыстағы ұлттық жобалардан саланы дамыту тұжырымдамаларына, даму жоспарлары мен мемлекеттік органдардың операциялық жоспарларына мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін, іс-шараларды, күтілетін әсерлер мен ресурстарды ауыстыру туралы тапсырмасының орындалуы талқыланды.
Жиын соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.