Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
* * *
Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.