• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Желтоқсан, 2022

Африка одағының астанасында қазақ мәдениеті таныстырылды

451 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында БҰҰ-ның Африка елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (UNECA) алаңында алғаш рет қазақ киіз үйінің тұсаукесері болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара UNECA-дағы жыл сайынғы Дипломатиялық базар аясында өтті. Тұсаукесерге Аддис-Абебадағы БҰҰ органдарының, Африка одағы комиссиясының, Эфиопияның мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Аддис-Абебада аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ Африкадағы Қазақстанның Достар клубының мүшелері қатысты.

Іс-шара аясында «қамажай» және «қара жорға» қазақ халық билерінен, Абайдың поэзиялық шығармаларынан тұратын мәдени бағдарлама көрсетілген.

«Іс-шараға қатысушылардың ұлттық ою-өрнектермен, қазақ музыкалық аспаптарымен, тұрмыстық заттармен және ұлттық костюмдермен безендірілген қазақ киіз үйінің безендірілуі ерекше қызығушылық тудырды. Қонақтарға қазы, бауырсақ, жент және басқа да қазақ ұлттық тағамдары ұсынылды», деп жазылған СІМ тарақан хабарламада.