Петропавлда су құбыры желісінде тағы да апат болып, қаладағы су қысымы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«314 атқыштар дивизиясы көшесіндегі су құбырының бұзылуына байланысты қаладағы су қысымы төмендеді. Қазіргі уақытта бүлінген аумақ оқшауланды, мамандар апат болған жерде жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының баспасөз қызметі.
Жарылыс түнде болды. Диаметрі 800 миллиметр суық су құбыры зақымданған.