• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Желтоқсан, 2022

Қызылордада көпірден секірген тұрғын қайтыс болды

319 рет
көрсетілді

Оқиға 12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден азаматшаның секіріп,  өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама алған тәртіп сақшылар оқиға орнына дереу жеткен.

Өкінішке қарай, тексеру барысында азаматшаның қайтыс болғандығы анықталды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті  сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп жазылған хабарламада.