• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Желтоқсан, 2022

Абай облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

441 рет
көрсетілді

11 желтоқсан күні Абай облысы Бородулиха - Жезкент тасжолының 28/21 шақырымында Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қарсы беттегі Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla жолаушысы алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болған.

«ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.