• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Президент 13 Желтоқсан, 2022

Президент Қарағанды облысының әкімін қабылдады

150 рет
көрсетілді

Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысына аймақтың биылғы 11 айдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы баяндалды. Облыс әкімінің мәліметінше, өнеркәсіптің барлық саласында оң үрдіс байқалады. Атап айтқанда, бұл сала 6 пайызға өскен.Кездесу барысында аймақтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, оның ішінде жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына айрықша назар аударылды.Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.