Алматы облысында бүгін сағат 09:33-те аудандық маңызы бар Түрген – Батан – Ассы обсерваториясының 22,3 шақырымында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселезащита» мемлекеттік мекемесі қар көшкініне тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы себеп болғанын түсіндірді.
«Қар көшкінінің жалпы көлемі (көшкін конусы) 99 текше метр, ұзындығы - 22 м, ені - 6 м, биіктігі - 4,5 м. Оқиға орнына «Казселезащита» ММ қызметкерлері мен Еңбекшіқазақ ауданының құтқарушылары шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
.