• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Желтоқсан, 2022

ШҚО-да жүргізу құқығынан айырылған адамдар автокөлік жүргізген

237 рет
көрсетілді

Биыл Шығыс  Қазақстан облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған 700-ден астам адам жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жекелеген адамдар заңнамалық тыйымға қарамастан, көлік құралдарын басқаруды жалғастырған. Желтоқсан айында облыс прокуратурасының бастамасымен жол-патрульдік қызметімен бірлесіп осындай құқық бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде 5 адам ұсталып, оның ішінде 4 адам бұрын мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.

Барлығына ӘҚБтК 612-бабының 3-бөлігімен 50 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Жыл ішінде құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған адамдар ӘҚБтК 612-бабы 4-1 бөлігі бойынша жазаланды. Оның санкциясы неғұрлым қатаң жаза қолдануды қарастырады (70 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулік әкімшілік қамауға алу).

Прокуратура мұндай іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді. Тек осы жылы прокуратураның үйлестіруімен осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 адам ұсталып, жауапқа тартылды.