• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Желтоқсан, 2022

Жердің ретті бөлінуіне – қоғамдық бақылау

153 рет
көрсетілді

«Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Бас прокуратураның жер саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі алқа отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Бас прокуратураға пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтаруды тапсырған болатын.

Бүгінде елімізде пайдаланылмай жатқан 5 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 3 млн га-дан астамы – «Amanat» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» қоғамдық комиссиясының араласуымен қайтарылып отыр. Алқа отырысында партияның Атқарушы хатшысы жер саласындағы заңдылықты жетілдіру жөнінде бірқатар бастама көтерді.

«Біз жер мәселесінде жаңа олигопо­лияға жол бермеуіміз қажет. «Amanat» партиясы бұл істің атқарылуына қоғамдық бақылауды күшейтеді. Мемлекет меншігіне қайтарылған жердің халыққа әділ бөлінуіне қатаң бақылау жүргізу керек. Ең алдымен ауылдың айналасындағы жерлерді халыққа қайтарып беру қажет. Ауыл төңірегі әу бастан мал жайылатын жер саналады. Сондықтан ауыл азаматтары бұл жерді ортақ пайдалануға тиіс», деді Асхат Оралов.

Сондай-ақ Атқарушы хатшы ауыл айналасындағы 5-10 шақырым радиус­тағы жерді сол ауылда тұрмай­тын азаматтардың меншігіне беруге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін атап өтті. «Жер аманаты» комиссиясы мем­лекет меншігіне қайтарылған жер учас­келерінің тізбесін көрсететін интерак­тивті карта әзірлеп жатқанын жеткізді.

Алқа отырысында Бас прокурор Берік Асылов биыл қоғамдық жайылымдардың тапшылығы 29 млн га-дан 8 млн га-ға дейін қысқар­тыл­ғанын атап өтті. Солтүстік Қазақ­стан, Ақмола және Алматы облыстарын­да 11 мың үлескерге 500 мың га-дан астам жер қайтарылды. Тексеріс кезінде олигополиялардың қолдануындағы ең жақсы және құнарлы ауылшаруашылық жерлерін, жайылымдар мен коммерциялық учаскелерді анықталды.

Сондай-ақ Бас прокурор уәкілетті ор­гандардың жайылым жерлерін оң бас­­қарудың, ірі жер телімдердің бір қол­ға шо­ғырлануына жол бермеу және үлес­тік жерлерге бақылауды күшейту­дің маңыздылығына назар аударды.