Қазақстанда өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталып, 2 адам дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік таратқан мәліметке қарағанда, өткен тәулікте коронавирус дертінен 1 адам қайтыс болған.
«15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 13 адамның жағдайы ауыр,
• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.