• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Желтоқсан, 2022

Өскеменді қар басты

1444 рет
көрсетілді

Тәулік бойы жауған қардың кесірінен Өскеменде қозғалыс қиындады. Көлікті қойып, жаяу жүргіншілердің жүруі мұң еді. Бүкіл қаладағы қарды тазалауға 86 техника мен 150-ден астам адам жұмылдырылған екен. Соның өзінде жолдарды тазалап үлгермей жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін Өскемен мен Глубокое ауданындағы орта мектептердегі барлық сыныптарда сабақты қашықтан оқытуға көшірілді. 

 

Қоғамдық көліктердің қатынауы да қиындаған. Ал, аялдамалардың көбін қар басып жатыр. Жолдағы қар әлі толық тазаланбағандықтан, кейбір автобус жүргізушілері бүгін рейске шығудан бас тартқан.  

 

Қарға қамалған тұрғындар жұмыстарына кешікті. Аулалар қардан толығымен тазаланған жоқ әлі. Өскемен – Алтай бағытындағы күре жолға шектеулер енгізілді. 

 

– Бүгін бізде қаншама жүргізушілер шыққан жоқ. Өйткені оның бәрі жасқанады. Жолға сыймайсың. Жол тар. Аялдамада айнала алмайсың, – дейді автобус жүргізушісі Болат Мүсекенов.

 

«Таза Өскемен» КМК директоры Асхат Тәженовтың айтуынша, соңғы  2 аптадан бері қар күн ара  толассыз  жауды. Ал кешеден бері оның қалыңдығы бір метрге жетті. Дәл мұндай қар 5-6 жыл бұрын  болған. Сондықтан, төрт-бес жылда бір рет көп түсетін қар үшін техниканың санын көбейту  тиімсіз.  Тұрғындар  сәл  шыдамдылық танытса бір-екі күнде бәрі реттеледі.