• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Желтоқсан, 2022

Бүгін бірқатар өңірде қар жауады

364 рет
көрсетілді

Синоптиктер 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста, солтүстік-батыста жауын–шашын (жаңбыр, қар) болады. Моңғол антициклонының әсерінен еліміздің орталығында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Алматы, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында – көктайғақ. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаяу бұрқасын күтіледі.