Словакиядағы әскери нысандардың үстінен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ұшуына тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тиісті Жарлыққа ел президенті Зузана Чапутова қол қойған.
Заңды бұзғандар 500 еуроға дейін айыппұл төлеуі мүмкін.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі мен әскери полиция қызметкерлеріне еліміздің әскери нысандарының әуе кеңістігін бұзатын ұшқышсыз ұшақтардың жұмысын тоқтатуға рұқсат етілген.
Заң 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.