• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Желтоқсан, 2022

19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

286 рет
көрсетілді

Синоптиктер 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде – көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, солтүстікте, шығыста жел соғады. Көкшетауда төмен қарлы боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оралда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, Атырау облысының батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде солтүстік-батыста, күндіз солтүстікте, батыста, Ақтөбе облысының орталығында көктайғақ күтіледі. 

Күндіз батыста, Павлодар облысының солтүстігінде баяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде баяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с жел соғады. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ болып, баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Петропавлда төмен қарлы боран, күндіз көктайғақ болады.