• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Желтоқсан, 2022

Елена Рыбакина БАӘ-де өтетін турнирде өнер көрсетеді

263 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) 19-24 желтоқсанда өтетін World Tennis League турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыста төрт топқа («Бүркіттер», «Сұңқарлар», «Қаршығалар», «Әуе жыландары») бөлінген 18 ойыншы өнер көрсетеді.

Уимблдон чемпионы Е.Рыбакина «Қаршығалар» тобында германиялық Александр Зверев, аустриялық Доминик Тим және эстониялық Анетт Контавейтпен бірге ойнайды.

Барлық топ бір-бірімен кездеседі. Ең үздік екі топ финалда кім мықтыны анықтайды. Әр бәсеке үш ойыннан тұрады, біреуі ерлер, екіншісі әйелдер арасында, үшіншісі аралас жұпта (микст) болады.

Е.Рыбакина 20 желтоқсанда әлемнің бесінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен сынға түседі. 22-сінде Рыбакина Зверевпен бірге канадалықтар Феликс Оже-Альяссим - Эжени Бушармен кортқа шығады. 23 желтоқсан күні Елена әлемнің 4-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсиямен шеберлік байқасады.