• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Желтоқсан, 2022

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

316 рет
көрсетілді

Синоптиктер республиканың 12 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада ертең оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстікте, Абай ауданының орталығында төмен қарлы боран. Солтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел, облыс орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, күндіз солтүстікте, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста, күндіз оңтүстікте, облыс орталығында баяу бұрқасын болады.

Түнде Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, қалың қар жауады деп күтілуде. Облыстың батысында тұман түседі. 

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында төмен қарлы боран, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төмен қарлы боран, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, түнде екпіні 23-28 м/с.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікте оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с жел соғады.