• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Желтоқсан, 2022

Еңбек дауының пәтуасы

186 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Бірінші оқылымда депутат­тар денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасын талқы­лайды. Тиісті заң жобасында 2025 жыл­дан бастап медицина қызметкер­лерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу көзделеді, ол денсаулық сақтау субъектісі мен медицина қызметкері арасындағы тең үлесте жүзеге асырылады. Сондай-ақ Қылмыстық кодекске медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орын­дамағаны үшін айыппұл санкциясын және жаза мерзім­дерін азайту бөлігінде өзгеріс енгізілу ұсынылады.

Екінші оқылымда депутаттар еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қарайды.

Сонымен қатар Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­­­шылығы мәселесі бойын­ша Парламент депутат­тары­­ның бастамасымен енгі­­зіл­ген түзетулерді де қа­рай­ды. Заң жобасымен жұмыс бары­сында депутаттар басқару органдарының басқару нысанын өзгерту кезінде жи­нақ­талған ақшаны аудару міндетін бел­гілеуге, паркинг­тің немесе тұрақ орнының конструк­тивтік бөлігі мен функционалдық мақсатын өзгертуге тыйым салуға және басқа да маңызды нор­маларға бағытталған то­лық­тырулар мен өзгерістер ен­гіз­ді.

Сонымен қатар Мәжіліске бір­қатар ратификациялық заң жоба­сын қарау ұсынылды. Олар: Еура­зиялық эконо­ми­калық одақ шең­берінде меди­циналық бұйым­дар айна­­лы­сының бірың­ғай қағи­дат­тары мен қағида­ла­ры туралы келі­сім­ге өз­геріс ен­гізу туралы хат­таманы ра­­ти­фи­ка­циялау туралы заң жобалары.

Алдағы жалпы отырыста па­лата комитеті Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­мен шекаралық өкіл­дердің қыз­мет учаскелері туралы хаттама­ны ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алуды көздеп отыр.