• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Желтоқсан, 2022

Елордада 100 мыңға жуық бала тегін ыстық тамақпен қамтылды

248 рет
көрсетілді

Қалада балалардың денсаулығын қорғау және әлеуметтік қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Кәмелетке толмағандарға қандай көмек көрсетілетіні туралы Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда қалада 100 мыңға жуық бала тегін ыстық тамақпен, қоғамдық көлікте тегін жол жүрумен қамтамасыз етілген.

Биыл 17 мыңға жуық бала жалпыға бірдей оқыту бағдарламасымен қамтылды. Жыл басынан бері 4,2 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, ол отбасыларда 13 265 бала бар.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар ерекше назарда. Жыл сайын психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер саны артып келеді. Жыл басынан бері инклюзияны қолдау кабинеті, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылды. Елордада ерекше қажеттіліктері бар 810 баланы қамтитын «Инватакси» қызметінің 80 автокөлігі жұмыс істейді», деді Есет Байкен.

Сондай-ақ балалардың денсаулығы да басымдықтардың бірі болып саналады. Елордада балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 37 медициналық ұйым (16 мемлекеттік, 21 мемлекеттік тапсырыс аясында жекеменшік) және 3 балалар стационары (инфекциялық, хирургиялық, соматикалық) жұмыс істейді.

Жыл басынан бері ерекше қажеттіліктері бар 3,9 мың бала оңалту қызметтерімен қамтылды. 0-ден 17 жасқа дейінгі балаларды скринингтік тексерулермен балалардың 95%-ы қамтылды.

Қаланың көпсалалы стационарларының акушерлік блоктары қажетті скрининг жүргізу үшін жабдықтармен толық жабдықталған.