• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Желтоқсан, 2022

Қазақстан Орталық Азиядағы трендтердің үлгісіне айналды - Сұлтан Раев

459 рет
көрсетілді

Астанада өткен бірінші Орталық Азия форумында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол «Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

«Қазақстан – Еуразияның жүрегі, жаңа идеялардың орталығы. Біз елде жаңа саяси көзқарас бар екенін көреміз. Айта кету керек, Қазақстан Орталық Азияның алдыңғы қатарлы елдерінің бірі», деді С. Раев.

Бұдан соң, ол бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

«Біз өз тарихымызды, тәуелсіздікке үлес қосқан тұлғаларды есте сақтауымыз керек. Қазақстан бүгінде Орталық Азиядағы трендтердің үлгісі болып отыр. Осы форумға қатыса отырып, демократиялық принциптерді талқылауымыз керек. Біз өз дәстүрлерімізді құрметтейміз. Әр сөз халықтардың бірігуіне қызмет етуі қажет», деп атап өтті ол.