• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Желтоқсан, 2022

Астанада 60 мыңға жуық бала балабақшаға барады

344 рет
көрсетілді

Балаларға мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мәселесі елордада ерекше бақылауда. Қалада 432 балабақша жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерді көбірек қамтуды қамтамасыз ету үшін жыл сайын білім беру мекемелеріндегі орындар саны артып келеді. Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен онлайн-брифингте осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Астанада 432 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 99 мемлекеттік мекеме, онда 31 464 бала тәрбиеленуде. 330-ы жекеменшік балабақша, онда 26 171 бала оқиды.

Елордада бір жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 81% немесе 58 129 адамды құрайды.

Әкім орынбасарының мәліметіне сәйкес, қалада мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орындардың санын көбейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2022 жылы үш мың орын құрылды, оның ішінде:

- 200 орындық жекеменшік балабақшаларда білім беру қызметтерін алушылар (ваучер) бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша пилоттық жоба енгізілді;

- 150 орындық № 32 «Балдәурен» бөбекжайын кеңейту жұмыстары басталды;

- Жұмыс істеп тұрған балабақшаларда 320 орындық қосымша топтар ашылды (№ 71 «Мөлдір», № 76 «Әдемі», № 53 «Мерей», № 66 «Толағай», № 93 «Айгөлек», № 27 «Балауса»);

- Жағалау тұрғын алабында 290 орындық балабақша пайдалануға берілді;

- Жұмыс істеп тұрған 24 мектепке дейінгі ұйымдарда 219 орынға арналған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қосымша инклюзивті топтар ашылды;

- Биыл балабақшаларда барлық жасқа арналған 1820 орындық топтар құрылды.

«Балаларды барынша қамту мақсатында келесі жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша балабақшаларда тағы 10 мыңға жуық қосымша орын ашу жоспарлануда», деді Есет Байкен.