Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан және басқа тапсырмаларынан туындайтын жаңа шараларды ескере отырып, Премьер-Министрдің қолданыстағы ұлттық жобалардан көрсеткіштер мен іс-шараларды көшірумен мемлекеттік органдардың салалық тұжырымдамалары мен даму жоспарларын нақтылау жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы зерделенді.
Отырыс қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар тиісті тапсырма берді, соның ішінде Премьер-Министр алға қойған міндеттердің орындалуын жеделдетуді тапсырды.