• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2022

Бурабайда қысқы маусым басталды

306 рет
көрсетілді

Бүгін «Астана-Бурабай» бағытында мерекелік вагондар тіркелген электр пойызы қатынай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнайы вагондардың интерьерін қазақстандық қолөнершілер безендірді. Сәндік паннолар мен киізден жасалған көпшіктерден жаңа жыл мерекесінің лебі сезіледі.    Қыс маусымына орай ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты «Бурабай даму» мекемесі туристік операторлармен бірлесіп ертегі пойыз кестесіне ыңғайлап отбасылық демалыс үшін арнайы бір күндік турларды ұйымдастырады.   Атап айтқанда, тур бағдарламасында Аяз атаның «BurabayLand» ойын-сауық саябағындағы резиденциясына бару, бұғы жеккен шанамен, итшанамен, атшанамен, квадроциклмен серуендеу, сноуборд тебу және карусельмен тербелу қарастырылған. Сондай-ақ мұз қалашық пен Бақсының ауылы, лазертаг, қарда жүретін көлік, «бананмен» сырғанау және басқа да қызықтар бар.   Айта кетсек, бұл - ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты «Бурабай Даму» ЖШС, «Kazakh Tourism» ҰК және «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесіп қолға алған жоба.