• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда қосымша вагондар пайда болады

184 рет
көрсетілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов жақын арада қолданыстағы пойыздарға қосымша вагондар қосылып, барлық бағытта билеттер сатыла бастайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚТЖ өкілдерімен кездесуде журналистер жаңа жылдық мерекелерде теміржол пойыздарына билет тапшылығы барын айтты. 

«Қазір талдау жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге қосымша пойыздар туралы ақпарат жоқ, бірақ барлық бағытта дерлік қолданыстағы пойыздарға қосымша вагондар қосылады деп айта аламын. Иә, қазір билет тапшы, бірақ 25 желтоқсаннан бастап пойыздарға қосымша вагондар қосылады», деді Жәнібек Тайжанов.