Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ресми сапары аясында Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешенін аралады.
Айта кетсек, бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.