• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2022

ШҚО-да есепте тұрған сотталушы түрмеге тоғытылды

242 рет
көрсетілді

20 жастағы жігіт бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтан бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру түріне алмастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ер адам адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлағаны үшін үш жылға сотталды. Пробациялық бақылауда болған есептегі азамат қоғамдық орындарда тиісу үшін, алкогольдік ішімдіктер ішкені және тыныштықты бұзғаны үшін 4 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Пробация қызметкерлері тарапынан оған бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы бірнеше ескертулер берілген. Алайда есепте тұрған жас жігіт ескертулерге құлақ аспай, қоғамдық орынды ластағаны үшін тағы да әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

«Есепке қою кезінде оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері мен шарттары, оның құқықтары мен міндеттері бірнеше рет түсіндірілді. Осыған қарамастан, сотталған адам жазаны өтеудің барлық ережелері мен шарттарын елемеді. Тиісінше оған жетекшілік ететін инспектор бас бостандығынан айыруға жаза түрін ауыстыру мәселесін қарау туралы сотқа ұсыныс жіберді. Сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

«Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Солжағалау пробация қызметінің инспектор-психологі Мөлдір Кабибиева.