• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Желтоқсан, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

424 рет
көрсетілді

Қазақстандық синоптиктер 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің басым бөлігінде қар жауады. Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, елдің орталығында солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, оңтүстік-шығысында  көктайғақ, Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел күшейіп, боран соғады деп күтілуде», делінген хабарламада. 

Астанада - ауыспалы бұлт, күндіз - қар, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматыда - ауыспалы бұлт, түнде қар, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Шымкентте - күн жауын-шашынсыз өтеді, ауыспалы бұлттылық байқалады.