• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Желтоқсан, 2022

Ауғанстанда қыздарға ЖОО-ға түсуге тыйым салынды

299 рет
көрсетілді

Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» қозғалысы әйелдердің жоғары оқу орындарында білім алуына тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шешім үкімет отырысында қабылданды, кейін елдің Жоғары білім министрлігі бұл туралы оқу орындарына арнайы хат жолдады.

Үш ай бұрын Ауғанстанда мыңдаған қыздар мен әйелдер университетке түсу емтихандарын тапсырған болатын. Сол кездің өзінде оларға ветеринария, инженерия, экономика және ауыл шаруашылығы, журналистикаға қатысты мамандықтарға түсуге тыйым салынды.

Қазір студент қыздарға келесі ескертуге дейін университеттерге баруға тыйым салынды. Оқу орындарына Талибан талабының орындалуы туралы жоғары білім министрлігіне тезірек есеп беру тапсырылды.