Мемлекет басшысы Ташкент қаласында өтіп жатқан «Абай. Бауырлас халықтар мұрасы» атты көрмеге барды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын дәріптеуге арналған көрме - екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.