• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2022

Петропавл тұрғынынан жарты келіге жуық есірткі тәркіленді

217 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері петропавлдық азаматтан жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полицейлері «синтетиканың» аса ірі мөлшердегі партияларының бірін күдіктінің ауласынан тауып алды.

Күзде жергілікті полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында одан кристалл тәрізді зат салынған пакет тәркіленді. Жалдамалы пәтерден тағы екі пакет пен темекі шегуге арналған құрылғы табылды. Полицейлер ұсталғанның тұрғылықты жері бойынша жеке меншік үйдің ауласынан аса ірі мөлшердегі есірткі салынған полимер пакетін алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол –  тұз деген атпен белгілі α-PvP есірткі заты. Алынған заттың жалпы салмағы 484,32 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Ол 2 мыңнан астам бір реттік қолданатын дозаны құрайды.«Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Іс материалдары сотқа жіберілді», деді СҚО ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері есірткі сатты деген күдікпен 82 адамды ұстады. Заңсыз айналымнан 425 келі есірткі тәркіленді, оның 3 келі 429 грамы синтетикалық есірткі.