• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Парламент 23 Желтоқсан, 2022

«Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту туралы заң жобасы талқыланды

251 рет
көрсетілді

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға және еліміздің конституциялық заңдарына өзгерістер енгізуге қатысты заң жобаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда бюджетаралық қатынастарды реформалау, жаңашылдар индустриясын дамытуды ынталандыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесін жетілдіру мәселелері көзделіп отыр. Ол жаңалықтар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қаралған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген құжат өңірлердің қаржылық дербестігін күшейтуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыру процесінің ашықтығы қағидатын енгізуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы соттар мен сот әкімшілігінің қызметін жетілдіруге, қаржы саласындағы инновацияларды дамытудағы негізгі тұғырнама ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының одан әрі қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Парламентшілер заң жобасы қабылданғанда еліміздегі сот жүйесін барлық деңгейде жетілдіруге мүмкіндік туады және сот әкімшілігін жаңғыртуға ықпал етеді деп санайды.

Депутаттар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобаларын палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.