23 желтоқсанда Исламабадта Қазақстан мен Пәкістанның авиациялық билігі арасында келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Алматы-Лахор және Алматы-Карачи бағыттары бойынша (әрқайсысына аптасына екі рейс) тікелей жолаушылар рейсін ашу жоспарлануда.
Тікелей рейсті қазақстандық SCAT әуе компаниясы Boeing 737 ұшағымен орындайды.
«Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуын жеделдетеді», делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдемесінде.
Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Айта кетейік, 15 желтоқсанда Қазақстаннан Сейшель аралдарына алғаш рет тікелей әуе рейсі ашылған еді.