Синоптиктер 27-29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар жауады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қар аралас жаңбыр жауады, жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста-көктайғақ болады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.