• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 27 Желтоқсан, 2022

KASE: Доллар бағамы арзандады

284 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы доллардың теңгеге шаққандағы бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,75 теңгеге арзандап, 460,62 теңге болды. Доллардың 27 желтоқсандағы ресми бағамы - 461,10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 462,73 теңге, сату – 467,00 теңге. Ал елорданың ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 461,72 теңгеден сатып алынып, 464,79 теңгеден сатылып жатыр.