• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Желтоқсан, 2022

Әскери инфрақұрылым объектілері пайдалануға берілді

453 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов Жамбыл облысындағы әскери нысандарда жүргізілген жұмыстардың сапасын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сапар барысында ведомство басшысының орынбасары жөндеу жүргізілген ғимараттар мен үй-жайларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жергілікті комиссиялардың қорытындыларымен танысты. Бүгінде Луговой гарнизонында 400-ден астам әскери қызметші сиятын үш казармада жұмыс аяқталды. Сондай-ақ қазандық, монша-кір жуу кешені мен үш тұрғын үй толықтай жөндеуден өтті.

Жуалы ауданында аудандық пайдалану бөлімі жөндеу-қалпына келтіру взводының күшімен әскери техника мен материалдық құралдарды сақтауға арналған екі ангар тұрғызылды. Бұдан өзге 100 орындық асхананың ағымдағы жөндеуі аяқталды.

«Әскери инфрақұрылымды жетілдіру - қорғаныс ведомствосының маңызды міндеттерінің бірі. Кең және ыңғайлы казармалар мен асханалар, әскери қалашықтардың үздіксіз жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы әскери қызметшілердің жайлы қызметі мен өмірінің негізі ғана емес, сонымен қатар жеке құрамның жауынгерлік дайындығының маңызды факторы», деп атап өтті тексеру барысында генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов.

Таяу күндері бірқатар гарнизонда жөндеу жұмыстары аяқталатын нысандар пайдалануға берілмек.