• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 28 Желтоқсан, 2022

«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды

330 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы - «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен осы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

Күдікті 20 желтоқсанда ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.