Жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер 2023 жылдан 2024 жылға заңды түрде ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл ретте БЖЗҚ-ға төленуге жататын МЗЖ агенттің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
МЗЖ қызметкердің ай сайынғы табысына қарай есептелінеді:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,5%; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5%; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5%; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5%; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5%.