• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Желтоқсан, 2022

Астана мәслихаты жаңа ауданның атауын бекітті

347 рет
көрсетілді

Астана мәслихаты жаңа бесінші ауданның атауын бекітті. Елорданың сол жағалауындағы жаңа ауданға «Нұра» атауы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп 2022 жылдың 1 желтоқсанында ономастика комиссиясының кезекті отырысы өткенін еске салып, онда жаңа аудан құру және оған атау беру туралы мәселе қаралды.

«Өздеріңіз білетіндей, Астанада бесінші аудан құру туралы мәселе көптен бері көтеріліп келеді. Бұл мәселе пайда болғаннан бері зиялы қауым өкілдерімен ғалымдар жаңа ауданға қандай атау таңдау керектігін ұзақ талқылады. Біз елдің тарихы мен географиясына қатысты атауларды қарастырдық. Нәтижесінде ономастикалық комиссияның күн тәртібінде екі атау ұсынылды. Оның бірі - «Нұра». Өздеріңіз білетіндей бұл Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағында ағып жатқан өзен», деп түсіндірді Сәкен Есіркеп.