• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Желтоқсан, 2022

Динара Сәдуақасова жылдам шахматтан вице-чемпион атанды

275 рет
көрсетілді

Динара Сәдуақасова әйелдер арасында жылдам шахматтан (рапид) 2022 жылғы вице-чемпионы атағын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Турнир үш күн бойы – 26-28 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өтті.

Оған Қытай, Үндістан, Ресей және басқа да елдердің атынан шыққан әлемнің үздік спортшылары қатысты.

Рапид – ойлаудың уақыты шектеулі ойын түрі. Алматыдағы турнирлік қашықтық 11 турдан тұрды.  Берілген уақыт - бүкіл ойын үшін әрбір қатысушыға 15 минут + 10 секунд.

Турнир барысында қазақстандық шахматшы әлемнің ең мықты шахматшыларының бірі ресейлік Александра Горячкинаны жеңді.

Турнирлік қашықтықты бағындырған Қазақстан спортшысы қытайлық Тань Чжунъимен бірдей ұпай жинады - 11 мүмкін ұпайдың 8,5-і. Осылайша, қыздар чемпионаттың 1-ші және 2-ші орындарын өзара бөлуге мәжбүр болды.

Мұндай жағдайларда әрқашан тай-брейк ойналады. Бірінші ойында екі спортшы тең түссе, екінші ойында Динара жеңіліс тапты. Айта кетейік, тай-брейкке дейін Тань Чжунъи допинг-тест тапсырудан бас тартқан еді. Ойындарды ертерек аяқтаған Динара процедурадан өтті.

Қазақстандық ең беделді халықаралық гроссмейстерлердің бірі - украиналық Александр Арещенкомен серіктестікте жұмыс істейді. Ол Динараның дайындығын оң бағалады.

Айта кетсек, Динара Сәдуақасова 29 және 30 желтоқсанда Алматыда өтетін блицтен әлем чемпионатына, сондай-ақ жарыстың ресми жабылуына қатыса алмайды.

Бұл ретте спортшы әріптестеріне алдағы ойындарда сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.