Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы жедел ақпарат ұсынды. Өткен тәулікте 1 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
Індетке шалдыққандардың арасында:
7 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.