• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Желтоқсан, 2022

Елімізде тазы және төбет тұқымын сақтау туралы заң қабылданды

666 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақ ит тұқымдары – Тазы мен Төбетті сақтау және көбейту туралы заң жобасы кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Оның бірі генетикалық сапасын ғылыми бағалау, селекциялық сараптамалар жүргізу, жинақтау арқылы осы тұқымдарды сақтауға қажетті ғылыми база құру», деді құжатты таныстырған сенатор Ольга Булавкина.

Заң жобасының негізгі мақсаты – қазақтың Тазы және Төбет ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілеу.

Заң жобасы аясында «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық серіктестікті жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырыс, гранттар мен наградалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. 

Атап айтқанда, иттердің қазақ тұқымын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары белгіленді, иттердің қазақ тұқымды тұқымдарын сақтау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесіне жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар айқындалып, олардың құзыреті айқындалды.

Сонымен қатар заң жобасы уәкілетті орган айқындайтын мамандандырылған ұйымның құрылымдық бөлімшесі болатын Қазақ ит тұқымдарының ұлттық орталығын құруды, сондай-ақ қазақ иттерін сақтау және өсімін молайту мақсатында қызметті қаржыландыруды көздейді.