• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Желтоқсан, 2022

Стратегиялық бағытқа жасалған сараптама

201 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Ғылыми Кеңесінің қорытынды отырысына қатысты.

Жиын барысында ҚСЗИ-дің директоры Еркін Тұқымовтың институттың 2022 жылы атқарған жұмыстарының қоры­тындысы мен 2023 жылға арналған жоспарлары­на қатысты баяндамасы тың­далды. Сонымен қатар ҚСЗИ директорының орынбасарлары С.Көшкімбаев, А.Жолдыбалина, Б.Әбенова ғылыми мекеменің қызметіндегі негізгі мәселелер мен мақсат-міндеттері жайында есеп берді.

Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде ҚСЗИ мемлекеттік сая­саттың стра­тегиялық бағыт­тарын сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеуде маңызды миссия атқарып келе жатқанын атап өтті.

Ерлан Қарин ҚСЗИ өзі­нің кадрлық әлеуетін алдағы уақытта да арттыра беруі, аймақ­тағы сарапшылар қауым­дастығымен қарым-қатынас­ты бекіте түсуі, зерттеу тәсіл­дерін жетілдіруі, оның ішінде әлеу­меттік зерттеулерді кеңейтуі қажет екенін айтты.