Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 2 754 адам коронавирус инфекциясынан (–2 578+ және 176 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 247 пациент стационарда, 2 507 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.