• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 30 Желтоқсан, 2022

Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

198 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді», делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.