• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Желтоқсан, 2022

«Яндекс» құрылтайшысы компаниядан кететінін хабарлады

360 рет
көрсетілді

«Яндекстің» тең құрылтайшысы және бұрынғы бас директоры Аркадий Волож компаниядан кететінін хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz The Bell онлайн басылымына сілтеме жасап. 

Компанияның ішкі порталында жарияланған хабарламаға сәйкес, Аркадий Волож қызметкерлермен қоштасу хатын жазған. Онда ол «Яндексті» қайта құрылымдау жоспарын әбден орынды және қажет деп атап өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, мен ресейлік «Яндексті» көптен бері басқарып келемін. Биыл компаниядағы барлық лауазымнан толығымен кетуге тура келді. «Яндекс» – өмірімнің жобасы. Елдегі ең жақсы технология компаниясын салған және салып жатқандардың бәріне рақмет. Жаңа жыл баршаға бейбітшілік әкелсін», деп жазды Аркадий Волож.

А.Волож «Яндекстің» директорлар кеңесі мен басшылығы әзірлеп жатқан компанияны қайта құрылымдау жоспары орынды және қажетті деп есептейтінін қосты. Сондай-ақ корпорацияның тең құрылтайшысы әлі де компанияның төрт халықаралық стартапын дамытуға көмектесуге мүдделі екенін атап өтті.Аркадий Волож 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. Ол Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген.