Үкімет 30 Желтоқсан, 2022

Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

253 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыс барысында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер енгізу, оның ішінде жоспардан бірнеше коммуналдық меншік кәсіпорындарын алып тастау мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін сату жоспарлары қаралды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.