• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Желтоқсан, 2022

Магнус Карлсен блицтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

205 рет
көрсетілді

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Алматыда блиц бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы турда ол өзбек шахматшысы Нодирбек Абдусатторовпен кездесіп, оны жеңді. Екінші орынды жапондық Хикару Накамура, үшінші орынды армян Айк Мартиросян иеленді.

«Жеңіс формуласы қарапайым - сіз басқаларға қарағанда жақсы ойнауыңыз керек», деді Карлсен ойыннан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін Магнус Карлсен рапидтен әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді. Бұл норвегиялықтың рапидтен әлем чемпионатындағы төртінші жеңісі.

Әйелдер арасындағы блиц бойынша әлем чемпионы қатарынан екінші рет қазақстандық Бибісара Асаубаева атанды.