Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте елімізде қанша адам індет жұқтырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 731 адам коронавирус инфекциясынан (–2 552+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 472 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.